Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының «Саялы Сарыағаш» этно-фольклорлық ансамблі Беларусь Республикасының Пасавый қаласында өткен ХХХІV халықаралық «Сымбыр мен гармония үні» фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алып, елге оралды.
Түрлі елдерден келген қатысушылардың басын қосқан фестиваль бай мәдени мұра мен музыкалық дәстүрлерді паш ететін аренаға айналды. «Саялы Сарыағаш» ансамблі көрермендерді және қазылар алқасын өзінің шеберлігімен және орындауындағы шынайылығымен таң қалдырып, Қазақстанға лайықты жеңіс әкелді. Осындай беделді халықаралық шараға қатысып, жеңіске жету ұжымның орындаушылық шеберлігінің жоғары деңгейін және этнофольклорлық мұраны сақтау мен насихаттаудағы маңызды рөлін айғақтайды. «Саялы Сарыағаш» ансамблі өз елін жаһандық деңгейде танытып, танылып, жетістікке қол жеткізіп келе жатқан өңірдегі алдыңғы қатарлы мәдени ұжымдардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
«Сымбат пен гармония үні» фестиваліндегі жеңіс Түркістан өлкесінің мәдени қазынасына қосылған қомақты үлес болып, Қазақстанның этно-фольклорлық өнерін одан әрі дамыту мен насихаттауға қосымша ынталандыру болады. Ансамбльге С.Ахметов жетекшілік етеді. Түрлі елдерден келген қатысушылардың басын қосқан фестиваль бай мәдени мұра мен музыкалық дәстүрлерді паш ететін аренаға айналды. Сарыағаштық өнерпаздар үш рет үздік деп танылды. Олар «Ұлттық аспаптар» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді. «Жеке аспапта орындау» номинациясында ансамбльдің домбырашы Е.Тұрлыбековке тең келер ешкім болмады. Ал «Дуэт» номинациясында фестивальдің қазылар алқасы тағы да Қазақстаннан келген фольклорлық ансамбльге басымдық беріп, ең үздік домбырашылар Е.Тұрлыбеков пен Қ.Шекербековты атады.
Осындай беделді халықаралық шараға қатысып, жеңіске жету ұжымның орындаушылық шеберлігінің жоғары деңгейін және этнофольклорлық мұраны сақтау мен насихаттаудағы маңызды рөлін айғақтайды. «Саялы Сарыағаш» ансамблі өз елін жаһандық деңгейде танытып, танылып, жетістікке қол жеткізіп келе жатқан өңірдегі алдыңғы қатарлы мәдени ұжымдардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. «Беларусь Республикасында өткен халықаралық музыка фестивалінің үш дүркін жеңімпазы атанып, еліміздің абыройын асқақтату – үлкен жетістік. Біз сіздерді мақтан тұтамыз! Халық өнерінің дамуына, ұлттық музыкамыздың жанданып, өркендеуіне қосқан зор үлесі үшін бүкіл облыс атынан алғыс айтамын. Ұмыт болып бара жатқан көне музыкалық аспаптардың үнін халыққа паш еткені үшін», – деген Сарыағаш ауданының басшысы А.Абдуллаев алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етті.
Жергілікті билік тарапынан мұндай бағалау мен мадақтау «Саялы Сарыағаш» ансамблі қызметінің маңыздылығын, ұлттық мәдениетті сақтау мен насихаттауға қосқан үлесін тағы бір айғақтайды. Фестиваль жеңімпаздарын аудандық мәслихат төрағасы С.Тасқұлов құттықтап, олар да аудандық мәслихаттың бағалы сыйлықтарын табыс етті. Айта кету керек, ұлттық музыкалық аспаптарды танымал етуге бағытталған «Сымбат пен гармония үні» халықаралық фестивалі 34-ші рет өткізіліп отыр. Оған әлемнің көптеген елдерінен фольклорлық ансамбльдер қатысады. Бұл фестивальдегі жеңіс Түркістан облысының мәдени қазынасына қосылған қомақты үлес болып, Қазақстанның этно-фольклорлық өнерін одан әрі дамыту мен насихаттауға қосымша ынталандыру болады. Алдағы уақытта өнер ұжымы өзге де халықаралық жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр. Шетелдік өнер байқауларында тәжірибе жинақтап жеңіске жеткен ұжымның алға қойған жоспарлары орасан.