Жарияланды: 03.08.2024

Жастар жеңіс тұғырынан көрінді

фото Шардара спорт

 

Түркістан облысы спортшыларының Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында табысты өнер көрсетті. Жерлестеріміз грепплинг UWW спортынан ел чемпионаты өткен болатын.  Ақтөбе қаласында өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Түркістан облыстық №4 ОРМБСЖМ спорт кешенінің спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, үш медаль жеңіп алды. Жерлестеріміз бір санатта жеңіске жетіп, алтын медальға қол жеткізді. Түркістан облысының тағы бір спортшысы жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды. Үшінші орын мен қола медаль да Түркістан облыстық №4 спорт кешенінің өкіліне бұйырды.

Бұл жетістіктер Түркістан облысы жас спортшыларының дайындығы мен шеберлігінің жоғары деңгейін көрсетеді. Олардың республикалық деңгейдегі жетістіктері облыстың спорттық имиджін нығайтып, жас спортшыларды жаңа жеңістерге шабыттандырады. Жарыс қорытындысы жаттықтырушылар құрамының дұрыс жұмыс істеп, спортшыларға тиімді қолдау көрсеткенін көрсетеді. Түркістан облысында республикалық және халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге жағдай жасап, жастар арасында спортты белсенді дамыту жалғасуда. Осындай ірі жарыстардағы жеңістер жас спортшыларға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың кәсіби өсуіне және спорттық мансабында жаңа биіктерге жетуіне ықпал етеді. Түркістан облысы жаңа жеңістер жолында дарынды спортшыларын қолдап, спортты дамытуға күш пен қаражат жұмсайтыны сөзсіз. Жеңіс тұғырынан көрінген батырларымыз 69 келі салмақта Жанғазиев Ахат, 69 келі салмақта Нұрберген Саят, 42 келі салмақта Нұрберген Сағадат.

 

Түркістан облысының спортшыларын және олардың жаттықтырушысы Арман Абызовты Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жеткен ерекше жетістіктерімен жерлестері қуана құттықтады. Оның шәкірттері мықты дайындықтарының арқасында  алтын, күміс, қола медальдар жеңіп алды. Бұл жаттықтырушының қайсарлығы мен шеберлігінің айқын дәлелі. Алдағы уақытта шебер жаттықтырушының шәкірттері халықаралық аренада одан әрі табыстар мен жеңістерге жете береді деген сенім бар. Ең биік тұғырға көтерілетін Астанада өтетін әлем чемпионатында табыс тілеушілер көп. Мықты жаттықтырушы жақсы спортшыны тәрбелейді. Бүгінде түркістандық спортшылардың бағы мен бабы келісіп, жеңіс тұғырынан көптеп көрінуі де оыс жаттықтырушыларының еңбегінің арқасында.

 

50 қаралым