Жарияланды: 03.08.2024

Хас таланттар топ жарды

 

 

фото ТАМБ

Түркістан облысында Төлеби аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ақсудан ұшқан аққулар» атты облыстық ән байқауы өтті. Шараның басты мақсаты – дарынды композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасын ұлықтап, эстрадалық әндерді орындау өнерін дамыту. Сондай-ақ, жергілікті композитор, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Болат Оразымбетовтің әндерін халық арасында кеңінен насихаттауға ерекше көңіл бөлінді.

 

Қазақ ән орындаушыларының арасынан жас таланттарды анықтау және қолдау басты мақсат болып отыр. Шығармашылық тұлғалардың қалыптасуына және музыкалық мұраның танымал болуына ықпалы да зор. Байқауды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізген Түркістан облысы Төлеби аудандық мәдениет үйі. Байқау қазақтың музыка мәдениетінде елеулі із қалдырған көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналды. Қазақ музыка өнерінің дамуына да зор үлес қосқан жергілікті сазгер, мәдениет қайраткері Болат Оразымбетовтің әндерін халық арасында кеңінен насихаттау.

 

Қатысушылар классикалық репертуардағы әндерді де, заманауи шығармаларды да орындап, өздерінің вокалдық қабілеттерін көрсетті. Байқау жас орындаушыларға өз өнерлерін көрсетіп, танылуына мүмкіндік беретін алаңға айналды. Облыстық ән байқауы қазақтың музыкалық дәстүрін дамытуға, жас таланттарды қолдауға үлес қосып, облыстың мәдени өміріндегі айтулы оқиғаға айналды. Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Дарынды композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасын дәріптеу, эстрадалық ән орындау өнерін дамыту, , қазақ әндерін орындаушылардың арасында жас талант иелерін анықтау, жеке шығармашыл тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету мақсатында аудандық «Ақсудан ұшқан аққуым» ән байқауы өтті. Бұдан бөлек, жергілікті композитор, ҚР Мәдениет қайраткері Болат Оразымбетовтың әндерін халық арасында насихаттау да басты мақсат болатын.

Төлеби аудандық мәдениет үйінде өткен облыстық ән байқауының финалдық кезеңінде алдын ала іріктеуден өткен 9 үміткер өздерінің вокалдық шеберліктерін, әртістік шеберліктерін паш етті. Қойылымдарды бағалаған қазылар алқасы байқау жеңімпаздары мен лауреаттарын анықтады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер байқаудағы жетістіктері үшін бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдарға ие болды. Шара қазақ эстрадасын дамытуда және жас орындаушыларды қолдауда маңызды қадам болды. Қазылар алқасының шешімімен нағыз хас таланттар жүлдегер атанды. Сонымен бас жүлде – Гүлзат Сатылханова (Аудандық мәдениет үйі), І – орын – Халық Ғаламат (Момынай ауылдық клубы), ІІ – орын – Жарылқасын Әлем (Жамбыл ауылдық клубы), ІІІ – орын – Таңатар Даниал (Мәдени ауылдық клубы), ІІІ – орын– Манап Бақытжан (Диханкөл ауылдық клубы) лайықты деп танылды.

 

68 қаралым