Түркістан облысы Төлеби ауданында ұлттық салт-дәстүрді дамыту мен сақтауға бағытталған мәдени шаралар жалғасуда. Жақында 2024 жылға бекітілген жылдық жоспар аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық аналар кеңесі ұлттық ою өрнек, кестелеу байқауын ұйымдастырып, өткізді. Байқау «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында этнос жастары арасында дәстүрлі кесте өнерін қолдау және кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді.
Байқауға облыстың түкпір-түкпірінен келген этнос жастарының өкілдері қатысып, ұлттық ою өрнек жасаудан, кесте тігуден өз өнерлерін, шығармашылықтарын көрсетті. Қатысушылар қазақтың ұлттық ою-өрнегі мен мәдени дәстүрінің байлығын бейнелейтін түрлі кесте тігу әдістерімен жасаған жұмыстарын ұсынды. Жұмыстар бірнеше критерийлер бойынша бағаланды, соның ішінде техника, дизайнның өзіндік ерекшелігі және дәстүрлі элементтерді ұстану. Сәндік-қолданбалы өнер мамандарынан құралған қазылар алқасы осы критерийлер бойынша жеңімпаздарды анықтады.
Байқау жеңімпаздары дипломдар мен сыйлықтарға ие болды, олардың жұмыстары жоғары сапасы мен көркемдігімен ерекшеленді. Іс-шара қазақтың дәстүрлі кесте өнерін сақтау мен дамытуға, сондай-ақ жастардың ұлттық мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыруға маңызды үлес болды. Түркістан облысы Төлеби ауданында өткен ұлттық кесте тігу байқауына белсене қатысушылар көп болды. Рахишова А. – Төлеби аудандық Қазақстан халқы және этникалық жастар ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы. Оразбай М. – КММ «Жастар ресурстық орталығының» психологы.
Кеңес мүшелері және балабақша қызметкерлері. Ұлттық құндылықтарды жаңғырту: Қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері мен кестелерін кеңінен насихаттау арқылы патриоттық сананы қолдау және дамыту. Қатысушыларға қазақ ою-өрнектері, олардың мән-мағынасы мен сәндік-қолданбалы өнердегі қолданылуы туралы мәлімет беру. Әртүрлі ою-өрнек түрлерімен және олардың символикасымен таныстыру. Байқау ұлттық мәдениет пен өнерге деген қызығушылықты оятудың, сондай-ақ жастардың патриоттық сезімін нығайтудың маңызды алаңына айналды.