Жарияланды: 03.08.2024

«Той туралы ойлар» атты мәдени кездесу өтті

фото Отырар кітапханасы

 

 

Бүгін Түркістан облысы, Отырар аудандық орталық кітапханасында «Той туралы ой» атты мәдени кездесу өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов ашып, той ұйымдастыруда салт-дәстүрді сақтаудың маңыздылығына тоқталды. «Дәстүрімізде тұсау кесу, сүндет той, үйлену тойы, мерейтой сынды түрлі тойлар бар. Олардың барлығы да өз деңгейінде тойлануы тиіс. Қандай той болмасын, салт-дәстүрімізден ауытқымай, той мәдениетін, той этикасы мен эстетикасын ұстанып, қалыптастыруымыз керек» деп атап өтті.

 

Жиын барысында той дәстүрлерінің түрлі аспектілері, олардың заманауи мәдениетке әсері және дәстүрлерді қазіргі заманға бейімдеу жолдары талқыланды. Қатысушылар, оның ішінде белгілі мәдениет қайраткерлері мен этнография саласының мамандары той салт-дәстүрін сақтау және дамыту, мәдени мұраны қолдау және той-думандарды ұйымдастыруда үйлесімді көзқарасты қалыптастыру бойынша өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары А. Құлмаханов, Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Құттыбай, Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Т.Әбікеев, «Шуақты аналар» аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Қ.Байжұман және асабалар қатысты.

 

Қонақтарымыз қазақ тойы, оның талғамы, мәдениеті туралы өз ойларын айтып, ұсыныстарын айтты. Пікірталас қазіргі тойларға кейде ілесіп жүретін ысырапшылдық пен бейберекеттіктен арылу қажеттігін алға тартты. Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Таңат Әбікеев тойларда сөз, киім кию, өнер көрсету, талғамға сай талапты жоғары ұстаудың маңыздылығына тоқталды. Шарада ұсынылған дәстүрлі той мәдениетінің қыр-сырынан үлкенді-кішілі қонақтар көп нәрсені үйреніп, шабыт аларына сенім білдірді. Шараға келген қонақтар дәстүрлі мерекенің мәні мен мәдениетін талқылай отырып, қазақ тойы туралы өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Заманауи тойларға кейде ілесіп шектен шыққан шаралардан шектеу қажеттігін айтты. Қазақ менталитетіне келмейтін ерсі билер, тым анайы анекдоттарды доғарып, елді мәдениет қағидаларына баулу басты назарда болуы қажеттігі айтылды. Сөйлеушілер тойларда кіші болсын, үлкендер болсын, дәстүрлі әдет-ғұрыптан үйренетін, алатын нәрселер көп екенін баса айтты.

 

Жиынды қорытындылаған ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Таңат Әбікеев: «Біз тойлардағы сөзіміз, киім-кешек, қойылымымыз, талғамымыз жоғары талапқа сай болуы үшін күш салуымыз керек. Біздің міндетіміз – той мәдениетінің жоғары дәстүрлерін сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу». Іс-шараның соңы қазіргі қоғамдағы мәдени мұраны сақтау мен салт-дәстүрді сақтаудың маңыздылығына тоқталған үйлену тойын өткізу тәжірибесін жетілдіру бойынша пікір алмасу және ұсыныстар берумен аяқталды. Той мәдениеті туралы көптен бері айтылып келеді. Тіпті биік мінберлерден ара тұра айтылып жүр. Той басқарып жүрген белгілі асабалар той мәдениетін барынша сақтайтындарын, ұлттық салт дәстүрден аттап кетпей тойшыл қауымның үдесінен шығуға тырысатынын айтты. Одан бөлек той иелерінің кейбір тілектерін де назарда ұстамасқа болмайтындығын айтып қалды. Тойдың уақытылы басталуы да назардан тыс қалған жоқ. Тойдың тамаша өтуі той тізгінін ұстаған асабаларға байланысты екені белгілі. сондықтан да асабаларға тізгінтартар бір оқыту шараларын өткізу қажеттігі де тілге тиек болды.

 

 

 

87 қаралым