Жуырда Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында “Жастар» ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Көңілді караоке» атты жарқын да серпінді кеш өтті. Бұл шара жастар үшін кешті жағымды және достық атмосферада, музыка мен қарым-қатынастан ләззат алу үшін тамаша мүмкіндік болды.
Кештің басты мақсаты – жастарға жағымды ахуал туғызу ғана емес, олардың бос уақытын тиімді пайдалану болды. Ұйымдастырушылар қатысушыларға өздерінің сүйікті әндерін айтып, қызықты караокеге қатысу арқылы қуаныш пен көңіл көтеру мүмкіндігін беруге тырысты. Кеш қызықты оқиғаларға және жанды дауыстарға толы болды. Жастар өздерінің вокалдық қабілеттерін және шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, караокеге белсене қатысты. Күлкі мен шаттыққа бөленіп, әндер қатысушыларды біріктіріп, бірлік пен мерекелік сезім тудырып, ерекше көңіл-күй сыйлады.
Әр апта сайын жастардың көңілді және музыкалық қойылымдарды тамашалауына тұрақты мүмкіндік беретін караоке кештері өткізілуде. Жастар рсурстық орталығының мамандары алдағы іс-шараларға қатысуға, жастармен бірге ән айтуға және бос уақытын пайдалы әрі ләззатпен өткізуге шақыруда. Кентауда өткен «Көңілді караоке» жастар үшін мәдени-ойын-сауық шараларының маңыздылығын ерекше болды. Мұндай кездесулер тек ойын-сауық беріп қана қоймай, жастардың әлеуметтік байланысын нығайтып, шығармашылығын дамытады.