Спорт мектептерінің жаттықтырушылар келер жылдың дайындығына кірісіп кетті. 2025 оқу жылында үздік нәтижелерге жету үшін жаттықтырушы Каналхан Сабырхан қызу дайындықты бастап та кетті. Түркістан облысына қарасты Сауран аудандық №1 балалар және жасөспірімдер мектебінде дайындық пен алдағы жарыстарға дайындық қызу жүріп жатыр. Волейболдан жаттықтырушы Каналхан Сабырхан 2024-2025 оқу жылы қарсаңында өз командасының нәтижелерін жақсарту үшін белсенді жұмыс жасауда.
Тәжірибелі жаттықтырушы әрі тәлімгер Қаналхан Сабырхан қарқынды дайындық сабақтарын жүргізе бастады. Оның мақсаты – команданы жоғары деңгейге көтеріп, алдағы жарыстарда тамаша нәтиже көрсету . Жаттықтырушы дене дайындығына, ойынның тактикалық-техникалық аспектілеріне, сондай-ақ командалық рухты нығайтуға ерекше көңіл бөледі. Дайындық дағдыларды дамытуға және командалық ойынды жақсартуға бағытталған әртүрлі оқу бағдарламаларын қамтиды. Маңызды аспект — алдыңғы матчтарды талдау және ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін стратегияларды түзету. Жаттықтырушы мен команданың тынымсыз еңбегі жемісін беріп, Сауран аудандық №1 БЖСМ волейбол бөлімі алдағы оқу жылында үздік нәтиже көрсетеді деп күтілуде. Дайындық үлкен ынта мен табандылықпен жүргізілуде, бұл маусымды сәтті аяқтауға сенім ұялатады. Команда мен жаттықтырушы Каналхан Сабырханға 2024-2025 оқу жылында сәтті дайындық пен тамаша нәтижелер тілеушілердің қатары көп. Өйткені мықты жаттықтырушының шәкірттері алдағы жарыстарда жақсы нәтиже көрсетеді деген сенім мол.