Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Абай күніне арналған әдеби іс-шаралар онкүндігі өтеді. Абай күні қарсаңында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы «Абайды оқы, орында!» ұранымен онкүндік аясында өткізілетін әдеби іс-шаралардың бай бағдарламасын дайындады. Кітапхана он күн бойы қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевқа арналған түрлі шараларды ұсынады. Онкүндіктің әр күні Абай өмірі мен шығармашылығының түрлі қырларын көрсететін ерекше оқиғалармен атап өтіледі.
1 тамыз күні – «Қазақтың дара туған данасы» – онкүндіктің ашылуы, 2 тамыз – «Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбында кеңейтілген кітап көрмесі алдында Абай өлеңдерін насихаттау, 3 тамыз – «Біз Абайды білеміз бе?» – әлеуметтік желілердегі танымдық сауалнама, 4 тамыз – «Абай — әлем әдебиетінде» кітапхана оқырмандары арасында викториналық сұрақ, 5 тамыз – «Табиғат, таң қаламын тамашаңа» атты Абай шығармалары бойынша сурет байқауы, 6 тамыз – «Желсіз түнде жарық ай» Жазғы сауықтыру лагеріндегі оқушыларға Абай шығармаларын насихаттау, 7 тамыз – «Абай даналығы – халық мұрасы» тақырыбында ғылыми конференция, 8 тамыз – «Абай үні, Абай лебі», «Оқырман іздейміз» жобасы аясында Абай оқулары, 9 тамыз – «Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары» — Абай қара сөздерін насихаттау, 10 тамыз – «Қазақтың дара туған данасы» онкүндіктің жабылуы. Абай ескерткішіне тағзым! Барлық күндерде Абайдың шығармаларын терең түйсіну үшін терең ойластырылған.
Бұл онкүндік Абай Құнанбаев әлеміне үңіліп, оның мұрасын тереңірек тануға қызығушылық танытқан әрбір адам үшін тамаша мүмкіндік болмақ. Фараб кітапханасы барлығын осы қызықты және танымдық іс-шараларға қатысуға шақырады.
Бұл онкүндік Абай әлемі мен оның мұрасын тереңірек түсінгісі келетін әрбір адам үшін тамаша мүмкіндік болмақ. Бағдарламада Абай шығармашылығына және оның қазақ мәдениеті мен әдебиетіне ықпалына терең бойлауға мүмкіндік беретін дәрістер, көрмелер, пікірталастар, музыкалық-көркемдік шаралар бар. Фараб кітапханасы аталған шараларды қызықты және танымдық етіп өткізуге ұжым болып жұмылуда.Абай мұрасын мерекелеуге қатысу және оның әлем әдебиетіне қосқан үлесі туралы көбірек білу мүмкіндігін жіберіп алмау қажет деп санайды облыс тұрғындары.