Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Әлтаев Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбековпен кездесті. Кездесуде бокс спортын дамыту, жас таланттарды қолдау, күзде Түркістан қаласында бокс кешін өткізу идеясы, түркітілдес елдерде боксты дамыту мәселелері талқыланды. Әрине биік мінберлерде боксты дамытуды талқылап, жас таланттарды қолдап жатқаны қуантады. Бокс спорт мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады және мұндай іс-шаралар жас боксшылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге және спорт стандартын жақсартуға көмектеседі. Күзде Түркістанда бокс кешін өткізуді жоспарлап отырғаны да мәртебе әрине – бұл өңір үшін айтулы оқиғаға айналып, көрермендердің көптеп жиналуына мүмкіндік туғызбақ. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Әлтаев пен Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбековтің кездесуі туралы ақпарат талқыланған тақырыптардың маңыздылығын көрсетеді. Бокс спортын дамыту, жас дарындарға қолдау көрсету мұның барлығы да бокстың спорт түрі ретінде танымалдылығы мен дамуына бағытталған қадамдар. Мұндай кездесулер көкжиектерді кеңейтуге және спорт қоғамдастығы арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі, сонымен қатар бокстың тек жергілікті жерде ғана емес, сонымен бірге дамуына ықпал етері сөзсіз. Ертай Алтаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары: «Мерейімізді өсіретін бір жәйт Түркістан облысынан шыққан былғары қолға чемпиондары өте көп. Солардың ізін басқан жас спортшылар биік жетістіктерімен қуанта береді деген сенім мол. Оның үстіне бүгінде Түркістан облысында спорт саласын дамытуға барынша күш салынуда. Жаңадан спорт кешендері салынып, пайдалануға берілуде. Жаңа спорт үйірмелері ашылып, жас өрендерді түрлі спорт түрлері бойынша жаттықтыруда. Басты мақсатымыз – жастарды жан-жақты дамытып, қолдау көрсету болып табылады. Ол үшін жоғары деңгейде жұмыстар жүргізілуде. Сіздердің бокс пен спорт саласын дамыту туралы бастамаларыңызды және ТҮРКСОЙ-дың ұйымдастыруымен алғашқы WBC Amateur TURKSOY бокстан гранд финалды өткізу жөніндегі бастамаңызды қолдаймын. Бұл облыс үшін абыройлы жұмыс болмақ. Еліміздің болашақ чемпиондарына ештеңені аямай, жас спортшыларды жақсылап дайындаңыздар. Жас спортшыларға мықты проумотерлерге баруға кеңес беріңіздер. Дарынды боксшыларды қолдау және көтермелеу, сондай-ақ олардың дамуына, өсуіне ықпал етіп, олардың жеңіс тұғырынан көрінуіне бар күштеріңізді салатындарыңызға сенім білдіремін». Өз кезегінде Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков кәсіпқой боксқа жанашырлық танытып, қолдау білдіріп отырған өңір басшысының орынбасарына алғысын білдірді. Алда атқарылар жұмыстар, жүйелі жоспарлар туралы баяндады. Рақымжан Ерденбеков, Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті: «Бүгінде бір қуантарлығы боксқа қызығатын жасөспірімдер қатары көбейіп келеді. Олардың жаттығулардан қалмай, жақсы нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрініп жүргендері көп. Бұл додада 15-16 жас аралығындағы боксшылар арасында финалдық кездесу жоспарланып отыр. 10-14 қазан күндері киелі шаһар Түркістан қаласында әуесқой бокстан гранд финал өтеді. Бұл жарысқа түркітілдес елдерінің жас боксшылары қатысып, жеті салмақ дәрежесінде чемпиондарды анықтайтын болады. Айтулы додаға ең мықты боксшылар қатысатын болады. Ал бокс аренасында түркітілдес елдердің әділқазылары төрелік ететін болады. Қазақстан және Түркістан командаларын жасақтап, бәсекелестікті күшейтеміз. Дайындығы мықты, жұдырығы мығым, қарсыластарын алып та жығатын, шалып та жығатын былғары қолғап шеберлері қатысатын болады».