Бүгін Түркістан облысының орталығында «Жазғы самал әуендері» атты шара басталды. Концерттік бағдарлама «Отырар» тұрғын алабындағы «Жібек жолы» саябағында өтті. Жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары музыканттар мен әртістердің өнерін тамашалады. Бұл бағыттағы мәдени шаралар тарихи шаһарда кешкі уақытта да жалғасады деп жоспарлануда. «Түркі әлемінің туристік астанасы» атанған Түркістанға саяхатшылар, туристер мен мәдениет сүйер қауымның қызығушылығы зор.
Шараны ұйымдастырушылар «Жазғы самал әуендері» қалада дәстүрлі шараға айналып, халықты өнер мен музыкаға бұдан да көп тартады деп сенеді. Жібек жолы саябағында әр кеш сайын мерекелік атмосфера мен керемет музыканы тамашалай алады. Тарихи Түркістан қаласында өтетін «Жазғы самал әуендері» шарасы аясындағы келесі концерттер мен қойылымдар жалғасын табатын болады. Әрине мұндай шаралар қала тұрғындарын шексіз қуантары сөзсіз. Өте қызықты және мәдени шара болды. Түркістан қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының өнері көрермендерге ұнады. Қазақтың ұлттық аспаптары мен халық әндері қашанда ерекше көңіл-күй сыйлайды, ал патриоттық әндер өз еліне деген мақтаныш сезімін оятады. «Яссы» би ансамблінің бишілері де маңызды рөл атқарады — билер әрқашан назар аударады және өздерінің сымбаттылығымен және шеберлігімен көрермендерді қуантты. Ұлттық нақышта әсем киінген өнерпаздар бар ынталарын салып өнер көрсетті. Мұндай мәдени шаралар қала тұрғындарына таңсық емес. Дегенмен рухани астанамыз Түркістанға алғаш табаны тиген туристер мен қала қонақтары ерекше көңіл күй сыйлатын мұндай кештердің ерекше ұнары хақ. Ұлттық өнерді дәріптеуден бөлек түрлі жанрда өнер көрсететін өнерпаздар скрипкада құйқылжыта әлемдік классикалық шығармаларды да орындайды. Нағыз хас таланттардың өнері өнерсүйем қауымға жағымды әсер қалдырып, керемет сезім сыйлайды. Қала тұрғындарының бастамаға қызығушылығы әсіресе табиғаттың гүлденген тамыз айында арта түсті. Ашық аспан астында өткен мерекелік кешке жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары риза болды. Олар таңданыстарын білдіріп, жылы лебіздерін, әсерлерін қалдырып, ай нұры астында тағы да әндерді тамашалау үшін міндетті түрде оралатындарын айтты. Киелі қалада түрлі ойын сауықтық орталықтар көп. Осы орталықтарда қала қонақтары мен туристер үшін керемет кештер ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Бұл жолғы шара да жоғары деңгейде өтті.