Жарияланды: 09.08.2024

Спорттық шараға 9 команда қатысты

фото Елтұмар.кз

Түркістан облысына қарасты Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақсу жекпе-жек» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен аудандық спартакиада өтті. Аталмыш сайысқа кіл мықтылар жиналды. Жарыс арқан тарту және дойбы түрінен ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің салауатты өмір салтын және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі жолдауын жүзеге асыру мақсатында бүгінде Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өңірдегі барлық аудандарда спорт клубтары арасындағы достық байланысты нығайту мақсатында өткізілген спорттық шараға 9 команда қатысты.

Сайдың тасындай іріктелген сайысқа қатысушылар өз мықтылықтарын дәлелдеді. Арқан тартыста кіл мықтылар өздерінің білек күшін сынға салды. Ал дойбы сайысында да іріктеліп алынған ең жақсы ойыншылар тартысты ойын өрнегін көрсетті. Аталмыш іс-шараның ашылуына «Ақсу Жекпе-жек» спорт клубы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Рашид Лапаев және Түркістан облысының спорт клубы директорлары қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Өте тартысты өткен сайыста жеңімпаздар анықталды. Жалпы жарыс қорытындысы нәтижесінде арқан тартудан І орын — Төлеби, ІІ орын — Жетісай, III орын — Отырар, дойбыдан I орын — Жетісай, II орын — Созақ, lll орын — «Ақсу жекпе-жек» спорт клубтары иемденді. Жарыста жеңіске жеткен жеңімпаздар кубок, медаль, дипломмен марапатталды.

132 қаралым