Жарияланды: 11.08.2024

Мәдени шарада Абайдың бүкіл шығармалары қамтылды

 

фото ШАӘБҚ

Түркістан облысына қарасты Шардара аудандық мәдениет сарайында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туылған күніне орай әдеби-сазды іс-шара өтті. Мәдниет қызметкерлері айтулы шараға жоғары дайындықпен шықты. Мәдени шара барысында Абайдың бүкіл шығармалары қамтылды. Шараға аудандық Орталық кітапхана қызметкерлері кітап көрмесін жасап, сонымен бірге кітапхананың тұрақты оқырмандары ақын қара сөздерін, өлеңдерін оқыды.

 

Шара қонақтары Абай Құнанбайұлының атақты шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде оқыған өнерпаздарды тамашалады. Осыдан кейін интерактивті викторина өткізілді, онда әркім ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін сынай алады. Сондай-ақ, шарада А.Құнанбайұлының өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін қысқаметражды фильм ұсынылып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Осыдан кейін жиналғандардың барлығы ақынның шығармаларын талқылап, өз әсерлері мен эмоцияларымен бөлісті. Іс-шара достық және жылы атмосферада өтіп, барлық қатысушыларға жағымды әсер қалдырды. Аудан тұрғындары ұлттық мәдени мұраны осылайша тойлап, қолдау көрсеткен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Актерлар Абай өлеңдерінің тереңдігі мен көркемдігін жеткізуде, сахнада таңғажайып атмосфераны құруда тамаша жұмыс жасады. Олар оның шығармаларына тән ойлар мен сезімдердің тереңдігін жеткізе білді, оның талантының асқақтығына көрерменге ой салды. Абай атамыздың әндерін орындаған әншілер де тамаша өнер көрсетіп, таныс әуендерге бір серпін берді. Олардың өнері жанды, шынайы болғаны сонша, көрермендер музыка әлеміне қаныққандай болып, оның ұлылығы мен сұлулығын сезінді.

 

«Аянмен келген бұл есім» спектаклі көрерменді терең сезімдер әлеміне жеткізген нағыз өнер туындысы болды. Халық театырының әртістері айтулы шығармаға өң беріп, бар өнерлерін салды. Шығарманың өн бойында өріліп отыратын терең сезім бойды шымырлатардай. Халық театрының өнерпаздары тамаша ойын өрнегін көрсетті. Ауылдық мәдениет ошақтары өнердің адамдарды бір-бірімен байланыстырып, кез келген уақытта өзекті болатын бірегей идеялар мен ойларды жеткізе алатынын тағы бір паш етті. Бұл қойылым өнердің адам жүрегінде із қалдырып, жаңа шығармашылық ізденістерге жетелейтінінің жарқын үлгісі болды. Осындай іс-шаралар әрдайым болып,  өзінің бірегейлігімен және сұлулығымен қуанта берері сөзсіз.

 

176 қаралым