Шымкенттік полицейлер заңсыз жолмен бағалы заттарды жымқырған ұрыны ұстады. Шымкент қаласының тұрғыны қалалық полицияға үйіне белгісіз азаматтын кіріп бағалы заттарын жымқырғаны туралы арызданды.
Азаматша өзінің шағымында белгісіз бір азамат үйіне заңсыз кіріп алтын сырғасы мен сөмкесін ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткенін айтты.
Жедел іздестіру шараларын жүргізуге Еңбекші ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылып , нәтижесінде ұрланған затты иесіне қайтарды.
Тұрғын өз кезегінде Еңбекші ауданы полиция басқармасының басшылығы мен Анықтау бөлімінің аға анықтаушысы полиция каитаны Бауыржан Тұрғын Баймаханбетұлының қызмет барысындағы жоғары кәсібилігі үшін алғысын білдірді.