Түркістан облысында Жаңа жыл түні тыныш өтті. Барлығы асыға күтетін отбасылық мерекеде Түркістан облысының полиция қызметкерлері күшейтілген күн тәртібімен қызметке түсті. Тәртіп сақшыларының атқарған жұмысы нәтижесінде облыс көлемінде ауыр, аса ауыр қылмыстар мүлдем тіркелмеді.
Ешқандай оқыс оқиға орын алмады. Атап өтсек, облыс көлемінде 7 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Жедел басқару орталығына 200-ден астам хабарлама келіп түсті. Оның ішінде 12-сі жол көлік оқиғасы, 13-і ауруханадан түскен хабарламалар, 2 жайт ұрлық қылмысы, 7 дерек жол жүрісі ережелерін бұзу, түн тыныштығын бұзу бойынша 2 жайт. Ал отбасы қатынастар саласында 6, қоғамдық орындарда масаң күйде жүру 2, тағы басқа да жайттар анықталып, дер кезінде полиция тарапынан шаралар қабылданды.
Яғни тәртіп сақшылары құқықтық тәртіпті, тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуді басты назарға алды. Өз кезегінде полицейлер баршаңыздың тыныштықтарыңыз мен қауіпсіздіктеріңіз үшін қызметті жалғастырып, Сіздерді Жаңа жылдарыңызбен құттықтайды!