
7-su.kz
Шымкенттің 70 жастағы тұрғынының жеке меншігінде тұрғын үйі болған. Оның қызы қарызын өтеуді талап еткен несие берушіге қомақты сомада қарыз болып қалған. Банктер үй иесіне несие беруден бас тартқан. Осыған байланысты несие беруші бұл үйді кепілге қойып, банктен өзі несие алуға уәде беріп, тіпті үй иесінің үйін кепілге «қоюға» және банк несиесінің үй иесінің қызының өзіне тиесілі бөлігін өзіне қалдыруға уәде беріп, қолхат жазып берген. Қалған соманы өзіне қайтаруға және банкке несиені төлегеннен кейін үйді қайта рәсімдеуге келіскен.
Нотариусте сатып алу-сату шарты жасалған. Одан кейін үйді «сатып алушы» банкке кепілге қойып, несие алған. Мүлік иесі үйді сатып алу-сату шарты нотариуспен жасалғанын түсініп, сатып алу-сату шарттарын және кепілді жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты істі зерттей келе, мәміле бір жыл бұрын жасалғанына қарамастан, сатушы мен оның отбасы әлі күнге дейін үйде тұратынын, т.б. оны «сатып алушының» меншігіне бермегенін, ол, өз кезегінде, шартта көрсетілген үйдің бағасын төлемегенін атап өткен.
Сондықтан «сатушы» өзінің жалғыз баспанасын сатқысы келмеген, ал сатып алу-сату шарты оның қызының борыштық міндеттемелерін кепіл шартының орнына қамтамасыз ету үшін жасалған, сондықтан жалған мәміле болып табылады.
Сот талап қоюды қанағаттандырды: тұрғын үйге қатысты сатып алу-сату және кепілдік шарттар жарамсыз деп танылды. Апелляция шешімді күшінде қалдырды.