Мемлекеттік «Бизнес бастау» жобасы ауылдағы ағайынның кәсібін жандандыруға сеп болып отыр, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Өткен жылдың өзінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша елімізде 3500 бизнес-жоба қаржыландырылған. Соның арқасында жұмыссыздар қатары азайып, Созақ ауданында оң нәтиже көрсетуде. Түркістан облысындағы Созақ ауданында Жұмыспен қамтудың әлеуметтік бағдарламасы шеңберінде айқымды істер атқарылуда. Бұл бағытта 34 адамды жалпы сомасы 204 млн. теңге шағын несиемен қамту жоспарланса, биыл 25 адамға 103 млн.теңге үлестірілді. Мемлекет қолдауына ие болғандардың бірі – Асхат Жексенбай. Ол өткен жылы Созақ аудандық кәсіпкерлікті дамыту орталығында 1 ай кәсіптік білім алған. Нақты бизнес жоспарын ширатып, енді несиеге қол жеткізіп отыр. Асхат Жексенбай – жеке кәсіпкер «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізіне 275 адамды оқыту жоспарланған. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы арқылы 110 адам оқуға жолданды. Арнайы курсты аяқтағандар қатарынан 109 азамат сертификат алды». Ақмарал Төлепбергенова – Созақ аудандық жұмыспен қамту орталығының несие жөніндегі маманы «Мемлекеттік бағдарлама — ісін өрге домалатамын деушілерге үлкен көмек. Бұл ретте, тынымсыз еңбек пен бәсекеге қабілетті бола білудің де маңызы зор».
Мадина ӘСЕМБЕК