Жарияланды: 27.08.2018

Отырарлық өнімдер фестивальде

Жуырда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тұңғыш рет облысымыздың Жетісай қаласында «Қауын — fest» фестивалі өткені белгілі.Түркістан облысы әкімдігінің тікелей бастамасымен өткен шараға облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қатысып, еңбекшілердің еңсесін көтеруге бағытталған фестиваль өңірдің ауыл шаруашылығы саласының потенциялын көрсететін бірден-бір шара екендігіне тоқталды. Аймақтың климаттық ерекшелігі ескере отырып ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өтіп, фестивальге қатысушылар тамаша әсерге бөленді. Өңірдегі ішкі туризмді дамытып, бақша дақылдарынан өндірілетін өнім түрлерін терең өңдеу арқылы кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру, дихандардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, бақша өнімдеріне сұранысты жоғарылату арқылы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында өткен шараға аудан әкімі Ерлан Айтаханов бастаған отырарлық делегация қатысты, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Кең ауқымда өткен «Қауын — fest» шарасына Отырар ауданының еңбеккерлері арнайы шатыр құрып, 10 тоннаға жуық қауынның “Әміре”, “Жиенбай”, “Абновод” және қарбыздың ала қарбыз, қара қарбыз сорттары мен 3 тонна «Маяқұм» шұбатын жәрмеңкеге ұсынды. Сонымен қатар, шарада аудан өнерпаздары «Қазақ вальсінің королі», аты аңызға айналған Шәмші Қалдаяқовтың әндерін нақышына келтіре орындап, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

1 084 қаралым