Түркістан облысындағы Төле би ауданының 46 елді мекеніндегі 95 706 халық, яғни 92 пайызы табиғи газбен қамтылған. Қалған 9 елді мекеннің жоба – сметалық құжаттамалары әзірленуде.2018 жылы Тасарық ауыл округі Оңтүстік, Жамбыл және Қаратөбе Майбұлақ, Қаратөбе елді мекендерінің магистралді газ құбырының құрылысына 542,4 млн теңге, Тасарық және Қасқасу ауылдық округі Қасқасу елді мекені, Қоғалы ауылдық округі Диханкөл елді мекендерінің магистралді газ құбырының құрылысына 150,4 млн теңге, Қаратөбе елді мекеніне ауылішілік газ құбырының құрылысына 139,0 млн теңге және Тасарық елді мекеніне кеншілік газ құбырының құрылысына 94,0 млн теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда нысандарды қабалдап алу үшін құжаттары рәсімделуде. Ауыз су саласы Аудандағы 55 елді мекеннің (116335 халық) 51 елді мекені (109006 халық немесе 93,7 %) орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Су құбырымен қамылған 51 елді мекенің 44 елді мекенінде тәулігіне 24 сағат, 7 елді мекеніне ауыз су кестемен берілуде.Ауыз су жүйелерінің жалпы ұзындығы 929,9 шқ (тозуы 399,8 шқ, немесе 43 %).Ауыз сумен қамтылмаған 2 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етуге 646,8 млн теңге қаралды (Әлішер Науай, Тағайна халық саны 5916 адам).Сондай-ақ қайта құруды қажет ететін Алатау, Сарқырама елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 46,3 млн теңге қарастырылды. Қаратөбе, Тасарық, Көксәйек елді мекендеріне баратын магистральды су құбырын аяқтауға 20,6 млн теңге қарастырылды. Мұның барлығы да экономикалық даму көрсеткішінің арқасында орын алып отыр. Алдағы уақытта аудан толық табиғи газбен қамтылмақ.
Жарияланды: 02.09.2018