Бүгінде Түркістан облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Қазіргі уақытта өңірде 60 мыңнан аса үй шаруашылығы мен шағын фермер мүшелерінен құралған 704 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркеліп, жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды «Оңтүстік Қазақстан» газеті. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында республика көлемінде Түркістан облысында ауыл шаруашылығы 139133,9 млн. теңгені құраса, 2018 жылдың есепті мерзімінде 2%-ға артып, 147147,9 млн. теңгені құраған. Статистикалық мәліметтерге сараптама жүргізу нәтижесінде Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің серпіні жылдан-жылға артып отырғанын байқалады. Сондай-ақ, бағдарлама бойынша алдағы 10 жылда еліміздегі 18 мың шағын фермерлік шаруашылықтарды 100 мыңға жеткізу, сөйтіп солардың есебінен қосымша 500 мың жаңа жұмыс орнын құру, сонымен бірге, ірі қараны 7 миллионнан 15 миллионға, ұсақ малды 18-ден 30 миллионға өсіру көзделуде. Мұнымен қоса, облыстың әрбір ауданында 3-5 мың мал бордақылауға арналған алаңдар ашылады. Ет зауыттары терең өңдеу технологияларымен қайта жарақталып, ет экспортына кедергі келтіретін жағдайлар толығымен реттеледі. Қысқасы, фермерлерге мал өсіруге барлық жағдай жасалады. Әсіресе, «Қазагро» ұлттық басқарушы холдингінің» еншілес компаниялары арқылы 15 жылға 4 пайызбен және 30 айлық демалыспен несие берілмек.
Жарияланды: 02.09.2018