Жарияланды: 02.09.2018

Сапа сын тағарлықтай емес

«Барыс-2007» ЖШС-і Түркістан облысындағы іргелі кәсіпорындарың бірі. Бүгінде отандық өндірушілердің алдыңғы қатарында Еліміздің басқа өңірлеріндегі фабрикалармен бірігіп бұл нарықта шетелдік үлестің пайызын азайтуға күш салуда. Расында бүгінде шеттен келетін өнімдер қатары азайып, отандық үлестің салмағы артып келеді. Өндіріс қарқынын арттырған жағдайда алдағы уақытта тіпті шетелден әкелінетін өнімдер болмауы да мүмкін. Компания алдағы уақытта өндіріс цехтарын арттырмақ ниетте. Бүгінде мұнда 150 адам жұмыс істесе алдағы уақытта жұмыспен қамтылатындардың қатары да артады. Тек макарон өндірумен ғана шектеліп қалмай кондитерлік өнімдер шығаратын желіні де іске қосты. Содан бергі уақытта макарон және кондитерлік өнімдерімен нарықта ойып тұрып өз орнын ала білді. Ең алдымен сапаға мән беретін серіктестік бүгінде бәсекеге қабілетті де. Кеспенің сан түрін шығаратын серіктестік өнімдеріне бүгінде көпшіліктің сұранысы жоғары. Сатылымы  орасан. Сапасы сын тағарлықтай емес. Бағасы да тиімді. Кондитерлік цехта  «Бөбек», «Наурыз», «Арман шашу», «Экзотика гармония», «Дуэт» сияқты тәтті күлшенің 18 түрі шағырылады. Жылдық қуаттылығы 2 мың тонна. Негізінде тәтті нарығын кезінде ресейлік және украиналық өнімдер жаулап алған еді. Бүгінде шүкір олардың орнын отандық өнімдеріміз басты. «Қазақстанда жасалған» акциясының отандық өнімдерге көптеп көмегі тиді. Тұтынушылар нарықтағы өз өнімдеріміздің сапалы әрі бағасының тиімді екенін біле бастады. Шеттен келетін өнімдерді өткізбеудің басты амалы отандық өндірісті барынша қолдау екендігі белгілі. Бүгінде еліміздің түстіктегі облыстары ОҚО, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласын өз өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

917 қаралым