Түркістан облысындағы Шардара ауданында мал бордақылаумен айналысатын шаруашылықтар басым. Аудандағы «Алатау батыр» ауыл округіндегі «Сая» фермерлік қожалығы бүгінде мал бордақылаумен айналысады. Қарамағында 500 ірі қара мен жылқы малы бар. Етке деген сұраныс барда әрине, мал басын көбейту қажеттігі туындайды. Бұл жағынан алғанда саялықтар қамшы салдырмайды. Малдың жем шөбін дайындап, қыстық азығының қамын жасау да қиындық тудырмайды. Жайылымдықтан бөлек, жоңышқа алқабынан қыстық азығын қамдап алады. Мал басын арттыруда алда келе жатқан шаруашылық бұдан өзге ауыл шаруашылығы дақылдарын егумен де айналысады. Өзге шаруашылықтардан артықшылығы да осында. Бүгінде сондай –ақ, 500 гектарға күріш, бақша дақылдары мен шитті мақта егіп баптап отыр. Жиын терім уақытында мол өнім алудан үмітті. Өзге шаруашылықтар егуден қашатын күрішті баптап өсірудің майталманы болып алды. Бүгінде көктемде дәнін сепкен күріш алқабынан жыл сайын қамба толы өнім алып жинап алып отыр. Мақта егудің білгір мамандары жиын терім уақытында өнімді молынан алады.
Жарияланды: 03.09.2018