Жуырда Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев сонымен қатар Шұбар ауылының азаматы, жеке кәсіпкер Иса Мамедовтың ірі қара мал шаруашылығымен танысты. Ол «Ауыл шаруашылығының қаржылай қолдау қорынан» 4 миллион теңге алып, өзінің 5 миллион қаржысын қосып 25 ірі қара сатып алған. Бүгінде осылайша мал шаруашылығын дамытуға үлес қосып отыр. «Қимылдағанның қыр асатын заманы». Қарап отырған адамға ешкім де нан тауып бермейді. Сондықтан да ешуақытта сұранысы төмендемейтін мал бордақылаумен айналысуды құп көріпті. Барлығын да алдын ала жоспар бойынша жасап отырғаннан кейін бәрі де рет ретімен іске асуда. Алдымен қора жайын қамдап, жем шөбін дайындап алған. Бүгінде жергілікті 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ірі қараның азығын, суын беріп күтімін жасауда. Кәсіпкердің алдағы жоспары мал бордақылау алаңын кеңейту және қара малды көбейту арқылы ет өнімдерін ұлғайтуды көздеп отыр. Осындай бастаманы қолға алған кәсіпкерге облыс басшысы ризашылығын білдіріп, жұмысына табыс тіледі
Жарияланды: 03.09.2018