Жарияланды: 03.09.2018

Салық түсімі – береке бастауы

Ашықтық, жариялылықты қамтамасыз ету — мемлекеттік кірістер қызметінің деңгейін көтереді. Түркістан  облысының салықшылары осы қағиданы қатаң ұстануда. Мемлекеттік Кірістер департаментінің әрбір басқармасы өз ісінің нәтижесі туралы баяндап отырады. Жыл басынан бері 7 айда Пост- кедендік бақылау басқармасы 27 кедендік тексеру өткізген. Тексеру барысында 90 млн 400 мың теңге мемлекет қазынасына құйылады. Қазір бұл соманың 88 пайызы өндірілді. Сайрам ауданында мемлекеттік бюджет 6 айда 107 пайызға орындалды. 3 млрд 67 млн теңге жоспарланып , алынғаны 3 млрд 273 млн теңге болды. Республикалық бюджет 100 пайызға орындалды.  Жергілікті бюджеттің орындалуы да ойдағыдай. Уәлихан Шерхан – Сайрам ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары «Жергілікті бюджет 109,3 пайызға орындалды. Жоспар 2 млрд 175 млн теңге болса нақты түсім 2 млрд 377млн теңгені құрады». Жалпы алғанда Сайрамда кәсіпкерлік саласы қарқынды түрде дамып келеді. Ауданда 1551 заңды тұлға, 8454 жеке кәсіпкер, 6477 шаруа қожалығы салық төлеп отыр. Сайрамда қосымша кіріс көздері есебінен қазынаға 6 айда 379 млн теңге салық түскен.   

Н.Кенжехан                       

988 қаралым