Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов Жаңажол ауылдық округінің тыныс тіршілігімен танысты. Округке қарасты 8 елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысу үшін тұрғындармен кездесті. Жаңажолдықтар да негізінен ауылшарушаылығы, оның ішінде егін шаруашылығымен айналысады. 881 шаруа қожалық 7141 гектар егістікті және 1100 гектар жайылым жерлерді игеріп отыр.
Жаңажол ауылдық округінде 6 мектеп, 9 балабақша, 2 СВА, 4 ФАП, 1 клуб, 2 кітапхана, 1 почта бөлімшесі, 12 сауда нүктесі, 1 жанар жағар май құю бекеті, 1 мақта жүн түту цехы, 1 диірмен халыққа қызмет етуде. Аумақта негізінен тік дренаждар мәселесі өте өзекті болып тұр. Сондай-ақ, ФАП-тарды жаңадан салу мәселесін де тұрғындар көтерді.
Келесі жылы окруктегі 3 елді мекенге жаңадан мектеп салынатынын аудан әкімі хабарлады. Сондай-ақ, 2 елді мекеннің ауыз су жүйелері жаңаратынын атап өтті. Ал, көшелерді асфальттеу мәселесі кезең кезеңімен шешілетінін және 2 елдімекенге ФАП салу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен құрылыс басқармаларына ұсыныс жасайтынын айтты.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі