Бір сәтте байып кеткің келе ме?

Бүгінде әп-сәтте уыс-уыс ақша ұстап, шылқыған бай болып шыға келуді армандамайтын адам жоқ шығар, сірә? Бірақ сол уыс-уыс ақшаның еңбекпен келетінін көп адам түсінгісі келмейді. Осы байлыққа бастар даңғыл жол салу үшін бүгінде түрлі тегін семинарлар ұйымдастырып жүргендер жетерлік. Жуырда халықаралық дәрежедегі кәсіпкер Серікбай Бейсекеев оңтүстіктің жастарына арнап, арнайы семинар өткізді. Басқосуда бүгінгінің бай-бағланы жас кәсіпкерлерге арнап дәріс өтіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Серікбай Бейсекеев қырықтың қырқасынан енді асса да, кәсібінен нәсібін тауып, бүгінде танымал миллионерлердің қатарында. Ауылдан шыққан миллионер Ресейдің «Үздік кәсіпкер» титулын да иемденген. Төккен тер мен еткен еңбектің арқасында бүгінде әлем таңдай қаға қарайтындай табысқа ие. Осы уақытқа дейін табысқа жетудің қыр-сырын үйрететін бірнеше кітап жазған Серікбай Бейсекеевтің «Табыс күнделігі» деген кітабының бүгінде сатылымы жоғары. Қостанайдан шыққан кәсіпкер еңбек жолын Ресей жерінде бастаған. Бүгінде Сингапур мемлекетінде тұрады. Елінің ертеңіне сенім артып, жастардың табысты кәсіппен айналысуы үшін ақыл кеңесін беруге асыққан кәсіпкер жастармен кездесу шығынын өзі көтерген. Бұған дейін, Астана мен Алматы қалалырында болған миллионер енді еліміздің Батыс аймақтарына жол тартпақ. Баюдың жолын іздеген жандар үшін мұндай семинарлардың берері көп.

529 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*