Жарияланды: 07.10.2018

Жарықтандыру мәселесі оң шешімін табуда

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында көптеген игі істер атқарылуда. Ауданда инфрақұрылым жүйелерін тарту табысты жүргізілуде.

Елді мекендердегі электр энергиясы мүлдем тартылмаған немесе электр энергиясы жетіспейтін көшелерге электр желілерін тарту, бағаналары мен комплектті тұтынушылар подстанцияларын орнату бойынша 20 көшеге 2018 жылға аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Биылғы жылы Амансай, Бәйдібек ата, Жолғабас, Қайнар елді мекендерінің ішкі электр желілеріне, Шаян елді мекенінде ішінара, Шақпақ елді мекені толық жөндеуден өткізіледі. 5 трансформатор (Шаян (2), Кеңес, Жиенқұм, Кеңестөбе) ауыстырылатын болады.

Жеке кәсіпкер-меценат Оралбек Ботбайдың демеушілігімен Борлысай ауылдық округінің елді мекендерінде (Ақтас, Қошқара ата, Кеңсай) жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілсе, Шаян ауылындағы Әуезов көшесін жарықтандыру жұмыстары жүргізілу үстінде.

1 524 қаралым