Жарияланды: 07.10.2018

Отбасында баланы ата-ана мен психолог бірлесе отырып, баланы бірінші сыныпқа дайындауы керек

Балаларды мектепке психологиялық даярлау бағыттарын тәжірибеде жүзеге асыратындар — ата-аналар, мұғалімдер және мектеп және балабақша психологтері. Баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын анықтау диагностикасын практик психолог немесе педагогикалық және даму психология саласындағы маман өз мойнына алады. Өйткені психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстардың жүргізудің қыр-сырын тек психолог қана біледі. Психологтың міндеті психодиагностиканың әдістемелерін қолдану арқылы және зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, 6 жастағы баланың оқуға дайындығын анықтайды. Яғни, баланың оқуға дайын немесе әлі дайын еместігі жайлы қорытынды жасалынып, оқуға дайын емес балалармен таным үрдістерін дамыту мақсатында индивидуалдық және топтық сабақтар ұйымдастырылады. Сонымен бірге коррекциялық – дамыту жұмыстарын жүзеге асыруда бағдарлама құрылады. Ал педагогтарды оқу жылдың басында болашақ бірінші сыныптағы балалардың мектептегі оқуға психологиялық зерттеуде алынған нәтижелермен таныстырады. Мектеп психологы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың бойындағы жағымсыз қылықтарды анықтап, олардың алдын алуға еңбек етеді. Сонымен қатар, мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналарымен бірігіп психологиялық диагностикадан өткізу арқылы кеңес береді. Оқушыларды бақылауға алып, психологиялық зерттеудің әдістерін өткізеді. Сауалнамалар, әңгімелесу, социометрия, шығарма жаздыру арқылы оқушылардың тұрмыс және тәрбие жағдайын зерттеу арқылы әр оқушіға жекеленген іс-шаралар өткізіледі. Оқушылар, әсіресе мектеп-интернатта жатып оқитын оқушылардың бойында баяу қалыптасқан психологиялық ауыр өзгерістер кездеседі. үй-ішіндегі үлкендерінің мәселелерін оқушының көруі, әлеуметтік жағдайының төмендігінен туатын жанжалдар, ажырасу, ішімдікке салыну сияқты факторлар әсер етеді. 
Ал мұғалім мен оқушының арасындағы орын алатын мәселелері тіпті бөлек. Айталық: әділетсіз баға қою, оқушылардың көзінше біреуінің отбасындағы мәселелерін қозғау, оқушыға ұрысу, дәрежесін төмен түсіру, тәртіпке салу кезінде ата-анасының кемшілігін айтып сөгу. 
Оқушылардың бір-біріне ықпалды мәселелері де бар. Бір-бірін тыңдамау, түсініспеушілік, топқа бөліну, әлімжетік сиқты келеңсіздіктер де жасөспірімнің психологиясына тікелей әсер етеді.
Жалпы осы жағдайлар оқушының шаршатып, қажытып, түңілтіп, жеке, томаға тұйық ұзақ уақыт бөліп жүруге әкеліп соғады. Егер осындай жағдайда оқушымен жұмыс жасап, оның ой-жүейесін қайта қалпына келтірмесе кеселге жолығып, түрлі жағдайға душар болып, тіпті өз-өзіне қол жұмсауға да баруы мүмкін. Сондықтан барынша абай болу керек, мұндай жағдайда ата-аналар да, мектеп психологы да баламен жылы және жеке сөйлесіп, достаса алуы керек. 

1 124 қаралым