Жарияланды: 07.10.2018

Қоғамда балалар қараусыз қалып, көңіл бөлінбесе, келеңсіздік көбейе түседі

Жалпы, отбасылық келіс­­пеушіліктерге байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейінгі балалардың 80%-ы өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Адам бір қиындыққа тірелгенде неме­се ол бейімделген орта немесе әлеуметтік топ одан бас тартқан кезде өзін-өзі өлтіруге баратынын ғылыми зерттеулер дәлелдеген. Қазіргі жас­тардың суицидке баруы — олардың өмір тәжірибелерінің болмауында, олардың алдарына қойған мақсаттарына жете алмау себептеріне және өмір қиындықтарына шыдамауына байланысты. Бұған жалғыздықтың да әсері бар. Баланың таңертеңнен кешке дейін компьютердің алдында отыруы, компьютерге тәуелділік, виртуалды әлемнен бір сәтке ажырамай, басқа әлемді аңсауы, өз арманындағы әлемнің қожасы өзі болып, өзі басқаруы, шынайы өмірмен бетпе-бет келгенде баланың беті қайтып, өзіне-өзі қол жұмсауына соқтырады. Сондықтан, қоғамда балалар қараусыз қалып, көңіл бөлінбейтін болса, суицид те көбейе түседі. 
Жоғарғы сыныппен жұмыс жасау төменгі сынып оқушыларымен жұмыс жасаудан күрделене түсетіні жасырын емес. Бұл үлкен бір ғылым.
Баланың жан-жақты дамуына, өмірге бейімделуіне ата-ана ретінде әркез қолдау танытып отыру керек. Себебі бала әрқашан ата-ананың жылы алақанын аңсайды. Сондықтан балаға әрі анасы ретінде, әрі психолог ретінде қолдау таныту болашағына зор ықпалын тигізері сөзсіз. Ата-ананың өмірдегі жалғасы да, қамқоршысы да — балалары.

Түйіндей келе, бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, таным үрдістерінің дамуы болып табылады. Бала тәрбиесіне бір ғана психолог маман не ата-ана, ұстаздар ғана емес, қоғам болу араласу керектігін тағы бір қайталағымыз келеді. Біз өз жалғасымыз — балаларды түзу өсіру үшін барлық күш жігерімізді салуға міндеттіміз. Демек, мектептегі бала психологиясы мәселесі өз өзектілігін жоғалтпайтын, әлі де зерттеуді қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек.

1 024 қаралым