Жарияланды: 07.10.2018

Дайын жобалар басым

Түркістан облысына қарасты Төле би ауданы жылдан жылға түлеп, түрленіп келеді. Ауданда жобалық – сметалық  құжаттамалары  әзірленген дайын жобалар басым. Тұрғын үй саласы бойынша Ленгер қаласы І мөлтек ауданындағы 5 қабатты 20 пәтерлі 9 дана тұрғын үйлердің құрылысы. Жоба құны  1 580 424 мың теңге. Ленгер қаласы І мөлтек ауданындағы 5 қабатты 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы. Жоба құны  360 264 мың теңге. Облыстық басқама тарапынан республикалық бюджетке «Нұрлы жер» бағдарламасына ұсынылды. Білім саласы бойынша Ленгер қаласы №5 мектеп гимназиясына оқу блогы, асхана, спорт зал, кітапхана және шеберхана құрылысы. Жоба құны  475 171 мың теңге. Қайнар елді мекеніндегі 200 орындық орта мектебінің құрылысы. Жоба құны  556 817 мың теңге. Көксәйек елді мекені Жолан көшесіндегі 100 оқушы орындық бастауыш мектебінің құрылысы. Жоба құны  294 057 мың теңге. Облыстық  бюджетке қаржыландыруға  ұсынылды. Достық елді мекеніндегі №16 Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің екінші оқу блогын қайта құру жұмыстары. Жоба құны  76 212 мың теңге. Аққұм елді мекеніндегі Қ.Тыныбеков атындағы орта мектебіне спорт зал құрылысы. Жоба құны  169 110 мың теңге. Аудандық бюджеттен  шешуді  қажет  етеді. Электрлендіру бойынша Ленгір қаласы, Алатау м/а ПС-110/10кВ электроподстанциясының және 110 кВ электр желілерінің құрылысы. Жоба құны  938 928 мың  теңге.

 

1 177 қаралым