Түркістан облысы, Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қарамұрт ауылында орналасқан №37 Убайдуллаев атындағы жалпы орта мектебінің жоғары сынып жастары арасында нашақорлыққа, есірткіге және ішімдікке тәуелділіктің алдын алу, зиянды заттарға әуес болудан сақтандыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуге Ақсукент САЕ-ның нарколог дәрігері С.Камалов, Қарамұрт ауылының төбе биі А.Мананов, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкері А.Дуйсебаев және әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының психологі А.Балтабаева қатысты. Жаман әдеттерді ертең жеңуден, бүгін жеңу оңай дейді Конфуций. Сондықтан онымен дер кезінде күресе білген жөн.
Мұнда ішімдік пен темекінің денсаулыққа зиянды екенін, ішімдікке тәуелді болудың салдарынан ненің туындайтынын, мәселен спирттік ішімдікке тәуелді адамның өмір жасы әдеттегіден 15-20 жылға қысқарады; шамадан тыс ішу-қылмыстық әрекетке әкеп соғады; маскүнем ата-аналардың балаларының 44-60%-ның ақыл-есі кем болады; адам миының жұмысын бұзып, есте сақтау қабілетін нашарлайды; әлеуметтік, отбасылық проблемалар туындайды; маскүнемдердің 5%-ы адам кейпінен айырылып, тұрақты мекен-жайы жоқтар мен қаңғыбастар қатарына қосылады. Мұның барлығы кездесуде жастардың санасын сіңетіндей сөздермен айтылды. Зиянды заттарға тәуелді болған жағдайда, адам өзін ол тығырықтан қалай алып шығу керектігі туралы да психолог кеңесі тыңдалды.