Түркістан облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің қолдауымен «Алтын орда» қоғамдық бірлестігі және Арыс қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Әль-Фараби» алаңында «Біз экстремизмге және терроризмге қарсымыз!» атты жастар арасында флэшмоб өтті. Мақсаты: Қоғамдағы өзге ағымдар мен түрлі жаман әдетке жастардың шатасып араласып кетуі. Мысалы айтқанда нашақорлық пен есірткіге, түрлі өзге ағымдарға, ғаламтор арқылы уақытты өлтіріп, ғылым ізденуден қалуы, зинақорлық, көп жастардың құмар ойынның жетегінде кетуі, экстремизм мен терроризмге бойұсындыруы сияқты жат әдеттерден аулақ болуға жастарды шақыру. Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден – ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған.
Жарияланды: 11.10.2018