Жарияланды: 12.10.2018

Келеңсіздіктің қалай алдын-алуға болатыны жөнінде психологтар кеңес берді

Түркістан облысы, Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ нің ұйымдастыруымен «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясының акт залында психологиялық семинар-кеңес өткізілді. Семинардың мақсаты — қазіргі жастар арасында болып жатқан түрлі ситуациялар, мәселен, өзіне қол жұмсау әрекеті, теріс ағымдағы діни көзқарастарға бейім болуы, түрлі жат қылықтар, ішімдікке әуестену, жастар арасындағы қылмыстар… осындай келеңсіздіктің қалай алдын-алуға болады? Осы жөнінде психологиялық әңгіме-дүкен құрылым, жастар сауалдарына кәсіби тұрғыдан сала мамандары, психологтар жауап берді. Аталған семинарға «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясының, Науайы атындағы, Құрманғазы атындағы және Суындық атындағы жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Кездесуге аудандық аналар алқасының төрайымы, ардагер ұстаз Райымқұлова Ырысты апай, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері, орталық нұсқаушысылары Утебаева Айнұр мен Байменов Ерұлан және орталық психологы Ниязәліқызы Ләйла, аудандық орталық аурухананың СӨСҚО маманы Қойлыбаева Меңтай қатысты. Шара барасында жастармен көкейкес мәселер талқыланып, жастарға психолигиялық, құқықтық, әлеуметтік кеңестер айтылды.

1 747 қаралым