«Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалының қолдауымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Дарья» қоғамдық бірлестігі «Қажетті жас – қарт адамдардың әлеуметті мәселелерін шешу» жобасын қолға алды. Жоба аясында «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалында арнайы кездесу өткізілді.
ҚР ҰЭМ статистикалық мәліметтеріне сәйкес 2014 жылдың басында Қазақстан Республикасында зейнеткерлік жастағы 1 777 871 адам тұрады, яғни жалпы халық санының 10% -ы.
Қарттар–бұл мемлекеттік әлеуметтік қорғаудың тиісті шараларын және өз құқықтарын қамтамасыз етуді қажет ететін халықтың ерекше тобы. Егде адамдар арнайы медициналық көмекті қажет етеді, сондықтан әлемде геронтология (қартаюды зерттеу) және гериатрия (егде адамдарды емдеу) белсенді дамып келеді. Бұл бағыттар бойынша жұмыстар бізде 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында денсаулықты дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында көзделген.
Жалғыз тұратын қарттар қазірде жиі кездеседі, себебі, екінші жартысы өмірден озған, балалары басқа қалада тұрады, ал кейбір ата-аналардан балалары бас тартқан. Мемлекет басшысы атап айтқандай «Қарттар үйінде тұратын 7000-нан астам қарт адамдардың көпшілігінде дені сау және табысты балалары бар»
Бүгінгі таңда жоба өзекті. Өйткені алғаш рет жүйелі түрде ауданда қарттарға қолдау көрсету мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл өте маңызды,
Қарт адамдар, гаджеттерді қалай қолдануға болатынын білмейтіндіктен, интернетке қол жеткізе алмайды, іс жүзінде маңызды ақпаратты ала-алмай жатыр, ал қазір барлық қызметтер онлайн режимінде қамтамасыз етіледі. Мұның барлығы қарт адамдар үшін ақпаратқа қолжеткізу құқығын шектейді. Осыған қарамастан, егде жастағы адамдардың әлеуметтік дамуына, белсенді өмірге енуіне үлкен қызығушылығы бар. Бұл олардың өмір сүру сапасына міндетті түрде әсер етеді. Көптеген елдерде үлкен емес, бірақ белсенді қолдау Орталықтары жұмыс жасайды, онда қарт адамдар барлық қажетті ақпаратты алуға, шығармашылық дамуға және өз қоғамдастығының дамуына үлес қосуға мүмкіндік алады. Жиналысқа қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлібек Байназар, аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Муратбекова Үмітгүл, Сайрам ауданының құрметті азаматы Юсвалиев Каримжан, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Серікбаев Батырбек, Сайрам аудандық әлеуметтік сүйемелдеу секторының меңгерушісі Медеуов Ғалым, қоғамдық ұйым өкілдері, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Амангелді Қабылбеков, белсенді партия мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысып, ойларын ортаға салды.