Жарияланды: 12.10.2018

Жастарға қолдау көрсету – мерейлі міндет

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жастарға үлкен сенім артып, әрдайым қолдау көрсетіп жүр. Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында жастарға: «Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Олар – сіздердің ата-аналарыңыз тіпті ойлап та көрмеген мүмкіндіктер. Жастардың табысы, жасөспірімдер мен балалардың жетістіктері – ата-аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз бен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы» – деп жастарға жасалған мүмкіншілік, артылған үмітті және жүктелген жауапкершілікті нақтылап өтті.
Елімізде жастарды қолдауға бағытталған бағдарламалар мен іс-шаралар кеңінен қолға алынуда. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 27 ақпандағы №191 Қаулысымен «Қазақстан-2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы мақұлданды. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар тарапынан «Дипломмен ауылға», «Сәтті қадам» және т.б. көптеген нақты да нәтижелі шаралар қабылданып жатыр.
Жастар саясатын жүзеге асыру ісіне психологиялық сүйемелдеу орталықтары бүгінгі таңда қомақты үлес қосып келеді. Психологтардың өз қызметі шеңберінде жастармен жұмыс жүргізуінің басты бағыты – жас жеткіншектердің өз қалауы мен мәселелерін сыртқы ортаға жеткізу және шеше білу түсінігін қалыптастыру. Бұл орайда атап айтар болсақ, мектептерде көптеген семинар-тренингтер мектеп оқушылардың қатысуымен өткізілуде.

1 337 қаралым