Жарияланды: 12.10.2018

«Үздік оқырман отбасы» атты отбасылық сайысы өтті

Түркістан облысы, Созақ аудандық балалар кітапханасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізілген «Үздік оқырман отбасы» атты отбасылық сайысы өтті. Байқаудың мақсаты Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, ата-аналар мен балаларды қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүр туралы білімдерін жаңғырту. Оқырмандарға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімін ояту.

Сайысқа катысушылар

  1. Жортановтар отбасы — Созақ ауылы
    2. Кенжебаевтар отбасы — Қыземшек кенті
    3. Қармановтар отбасы — Қаратау ауылы
    4. Мейрамбековтер отбасы — Қозмолдақ ауылы

Аудандық отбасылық сайысының әділ қазылары

  1. Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы директорының орынбасары Байділдаева Ақбөпе Сағынтайқызы
    2. Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының инновациялық – әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Аманжолова Жанар Жақсылыққызы
    3. Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Несипбаева Нұргүл Қыдырбекқызы

Жеңімпаздар — 
Бас жүлде — Жортановтар отбасы — Созақ ауылы
1 орын — Мейрамбековтер отбасы — Қозмолдақ ауылы
2 орын — Кенжебаевтар отбасы — Қыземшек кенті
3 орын — Қармановтар отбасы — Қаратау ауылы

 

2 005 қаралым