«Халықтың салауатты өмір салты мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі білімі мен хабардарлығын арттыра беру міндет. Халық арасында спорттың бұқаралық сипатталуы на және спортты насихаттауға ерекше ден қою керек…» — деп, Қазақстан Республикасы ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтқандай, өскелең ұрпақ — біздің ертеңіміз болғандықтан олардың спорттық білімдерін арттырып қана қоймай, осындай акцияларды көптеп ұйымдастыру жастардың салауатты өмір салтын дұрыс ұстануға өз септігін тигізері сөзсіз! Салауатты өмір салтын ұстануға септігін тигізер іс – шаралар біздің ауданымызда да қолға алынып, өткізілуде. Отбасылық спортты дамыту және халықты тұрақты дене шынықтыру мен спортқа жұмылдыру мақсатында «Жас Отау» отбасылық жарысы Түркістан облысы, Сарыағаш қаласындағы М.Ломоносов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде өткізілді. Байқаудың мақсаты — жас отбасылардың отбасы құндылықтарына үйрету, тату да үлгілі отбасын насихаттау болып табылады.
Жарияланды: 12.10.2018