Жарияланды: 12.10.2018

Қарттары қадірлі, жастары жігерлі Жетісай

Түркістан облысы, Жетісай ауданының ерікті студент жастары ауданымыздағы көмекке мұқтаж жалғызілікті қарттардың үй жұмыстарына көмектесіп қайтты.  Халықаралық қарттар күні мерекесі аясында ауданымыздың жоғары және арнаулы орта оқу орындарының ерікті студенттері қарт ананың көңіл-күйін сұрап, үй жұмыстарына жәрдемдесті. Бұл игі істі қолға алудағы басты мақсат – жастарға үлгі көрсетіп, үлкенді құрметтеу, сыйлау және оларға патриоттық тәрбие беру болып табылады. Алдағы уақытта бұл қайырымдылық іс-шарасы жалғасын табады. Соңғы уақыттары ерікті жастар тобы осындай қарт аналарға көмек қолын аямай, қолғабыс ктуді әдетке айналдырып келеді. Жастардың өзін көңілін сұрай келіп, үй тірлігіне көмектесуі мерейін тасытты. Ардақты ана бұл қамқорлыққа шын алғысын айтып, разылығын білдірді. Ал, жастардың дені бойын жаман әдеттерден аулақ ұстап, керісінше имандылық жолда жүруі біздің қоғамның болашағының жарқын екендігін көрсетеді. Қарттары қадірлі, жастары жалынды Жетісай әрқашанда алда. 

1 222 қаралым