Жарияланды: 12.10.2018

Отбасылардың басты мақсаты бақытты ғұмыр кешу

Адамдар некеге тұрғанда көптеген жанжалдарды бастарынан өткереді. Бірақ олар өз қателерін кешіріп, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін құндылық тәрбиелік отбасылық құндылықтардың бірі болып табылады. Тәрбиелі отбасылық құндылықтарға құрмет, естеліктер жатады. Балалар өз бойынан ата — анасының бар болмысын көрсетсе, керісінше ата — аналар да өмірінің жалғасын балаларынан көреді. Отбасындағы кез келген жағдаятта ата — ана мен үйдің үлкендері бала алдындағы сөздері мен іс-әрекеттерінде әдептілік танытқаны жөн. Мысал ретінде алатын болсақ, ата — ана арақ пен темекінің көптеген зияндығын біле тұра, баланың құлағына соны құя тұра, балалардың көзінше өздері арақ ішіп, үсті — үстіне темекі тартса, одан ешқандай жақсы тәрбие ала алмайтыны анық нәрсе. Мұндай жағдайда бала басқа өмірді аңсайды, не болмаса теріс беріліп отырған тәрбиеге тез бой алдырады. Ал егер осы теріс жолға бала мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өскені дей беріңіз. Болашағында бақытсыз қыз бен келешегі жоқ бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда кінәні кімнен іздейміз?
Осы жерде тағы бір айта кетерлік жайт, ата — ананың бір — бірімен болған қарым — қатынасы. Мәселен, біздің халықта ер адамды ұлық тұтқан.. Ол – үйдің отағасы, балалардың әкесі. Үйде анасы жұбайын құрмет тұтып, оның абыройын балаларының алдында көтеріп ұстаса, бала да әкесіне ұқсап, беделді болып өсуге ұмтылады. Керісінше, әке де зайыбына жылы сөйлеп, оны «ана» деп құрметтесе, балалар ананың өмірдегі құдіретін түсініп, оның көңіліне қаяу салмауға тырысады. Отбасылық құндылықтардың жоғалуының себептері, қазіргі қоғамдағы отбасылық құндылықтардың жоғалуының өскелең ұрпаққа әсері, отбасылық құндылықтарды сақтаудың жолдары турасында жыл сайын облыста, аудан орталықтарында кездесулер, психологтар мен әлеметтанушылардың ұйытқы болуымен тренингтер көптеп өтуде

1 504 қаралым