Жарияланды: 12.10.2018

Жастардың жан жылуы жүрек елжіретті

Түркістан облысы, Құмкент ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскерінің ұйымдастыруымен әлеметтік қызметкерлермен және Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының жоғарғы сынып оқушыларымен бірлесе ауыл тұрғыны жалғызбасты қарттардың үйіне жастардың үй шаруасына көмектесу жұмыстары ұйымдастырды. Көмектесу шараларына ауылдық округіндегі әлеуметтік қызметкерлер де белсене қатысты.Жастар ардақты ананың үйіне барып,ауласын тазартып,пешін әктеп,үйін тазалап,шаңдарын сүртіп берді. Игілікті шараға қарт ана Ш.Айтұлқызы өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.Осындай игілікті істер алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенім білдірді. Қыз балалардың қарт ананың үйін сыпырып, тазалық жұмыстарын жүргізуі, сондай-ақ ұл балалардың аула жұмыстарымен айналысуы шын мәнінде еңбектенуге үйретсе, бір жағы үлкенге қолғабыс бере отырып, көпті көрген ананы сыйлауы болып табылады. Адам баласына ізгілік қасиеттер балалық шақ пен жастық кезеңнен қалыптасады. Яғни, жасы үлкенді қадірлеу, ол кісілерден үлгі ала білу, сөздеріне құлақ асу секілді әдеттерді жастарымыз бойларына сіңіре білді деп ойлаймыз.  

1 125 қаралым