Жарияланды: 13.10.2018

«Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» дәрісханасы ашылды

Шымкент аграрлық колледжінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 жаңа есім» жобасы аясында колледж ұжымының 100 жаңа есімге енген ұлағатты ұстазы, ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Досымбек Алмаханбетұлы Сыдық атындағы «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» дәрісханасының ашылуы салтанатты түрде өтті. Дәрісхананың ашылуына Түркістан облысының білім басқармасының басшысы Сағындықов Исатай Өмірзақұлы қатысты. Дәрісхана өсімдік шаруашылығы пәні бойынша Досымбек Алмаханбетұлының тікелей демеушілігімен жабдықталып, дәрісханада ғалымның аграрлық саладағы еңбек еткен табысты нәтижелері жөнінде өмірбаяны, ауыл шаруашылық саласындағы еңбектері үшін берілген ордендері мен марапаттары, кітаптары, өндіріске ұсынылған ұсыныстары, халықаралық және бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген мақалалары, ғалымның жетекшілігімен өндіріске енгізген ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің ұсынылған және инновациялық агротехнологиялық жүйесінің үлгісі, ауыл шаруашылық дақылдарының аудандастырылған сорттары, будандары және тұқымдары көрнекті құрал ретінде қойылған. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР АШҒА академигі Сыдық Досымбек Алмаханбетұлы атындағы «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» дәрісханасы білім алушылардың болашақта білікті маман болып қалыптасуы үшін толық жағдай жасалынып жабдықталған.

1 237 қаралым