Жарияланды: 13.10.2018

Облыс орталығын ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етпек

Туристік саланы дамыту мәселесінде де қолға алынып жатқан жұмыстар бар. Құсшы ата ауылындағы көк шалғын жерге шағын мобильді туристік үйшіктер қою үшін жер қарастырылуда. Қаратау қорығына барар жолдар ретке келтірілуде. Сондай-ақ, күн сәулесінен электр энергиясын алатын біраз стансалар салуды жоспарлануда. Қазір бастапқы кезеңдегі жұмыстар жүргізілуде. Яғни, Кентау ендігі жерде шалғайдағы шағын шаһар емес, облыс орталығына ең жақын, әрі жері мен халқы жағынан облыстағы ең үлкен қалаға айналды. Облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілуіне орай Түркістан мен Кентау қаласының шекаралары да өзгерді. Яғни Түркістан қаласына қарасты 12 ауылдық округ Кентау қаласына қарайтын болды. Өндірісті қала атанып келген кеншілер қаласында ауыл шаруашылығы саласына да көп көңіл бөлінбек. Кентау өндірісті қала еді. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы қоса дамитын болады. Түркістан қаласынан 12 ауылдық округ қосылған тұста халқының саны 200 000-ға жетіп, 721 мың гектар жер көлемі қосылды. Облыс әкімдігі мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасымен бірлесіп ауыл шаруашылығы саласы бойынша 62 жоба әзірленді. Оны Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырып, қорғау жұмыстары жүргізілді. 62 жоба ішінен дамытуға сай келетіні іріктелініп алынған соң, ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде қаржылай қолдау жасалып, сол жобаларға қаражат беріледі. Сонда біз облыс орталығы Түркістан қаласын ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы белдеуі болады.

Okg.kz

1 043 қаралым