Жарияланды: 14.10.2018

Алма сақтайтын қойма салдырды

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданы кезіне алмасымен аты шыққан аудан болатын. Екі қолдың саласындай апорт алмалары Ресейдің түкпір түкпіріндегі қалаларға жөнелтілетін. Кеңес кезінде қараусыз қалған алма бақтарын отынға отап алып кеткен-тін. М. Калинин атындағы колхоздың Ұзынарық ауылындағы алма бауынан тонналаған өнім жиналатын-ды. Тіпті кейіннен сол алма бақтарының түбірі де қалмаған-ды. Бүгінде шүкір жеке кәсіпкерлер аталған жерге алма көшеттерін өсіріп, жайқалтып отыр. Қоғалы ауылдық округіндегі «Ерсұлтан» шаруа қожалығының төрағасы Серғали Жансейітов бүгінде 25 гектар аумаққа алманың бірнеше сортын еккен. Аз ғана уақыт аралығында алма нышан көрсетіп, бүгінде молынан өнім беріп отыр. Дихан үшін де биылғы жыл жемісті болды. Бау шаруашылығын дамытып отырған дихан алдағы уақытта алма бауының көлемін көбейтпек ниетте. Серғали Жансейітов, «Ерсұлтан» шаруа қожалығының төрағасы: «2011 жылы 25 гектарға тамшылатып суғару тәсілімен алма еккенбіз. Бүгінде шүкір алманың барлық сұрыпы өніп, өнім беруде. Оны сақтау жағын да қарастырғанбыз. Сыйымдылығы 100 тоннаға жететін қойма салдырдық. Биыл өнім жақсы болды. Ішкі нарыққа 100 тоннадан астам өнім шығардық. Маусым кезінде 35-ке дейін жұмысшы жұмылады. Алма теру науқанында жұмыла жұмыс атқарады».

 

 

 

1 054 қаралым