Жарияланды: 14.10.2018

Сапалы өнімге сұраныс мол

«Шымкент-Кашемир» ЖШС-і Түркістан облысындағы іргелі кәсіпорындардың  бірі. Серіктестіктің ашылғанына бар-жоғы алты жылдың көлемі болса да, жылына 400 тонна түбіт өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын басшылығы елімізде соңғы жылдары кәсіпкерлерді қолдауға байланысты қабылданған бағдарламалардың шапағатын көріп жатқанын айтады. Ол «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан кәсіп бастауға 3 гектар тегін жер алып, табыс және мүлік салығынан босатылған. Бұл кәсіпкер үшін үлкен жеңілдік. Бүгінде мемлекеттің тарапынан қолдауға ие болған кәсіпкердің өрісі кеңейіп келеді. Кәсіпорын толықтай заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған. Өнімдеріне тапсырыс берушілердің қатары да жыл санап артып келеді. Қойдың жұмсақ түбітінен жасалған өнім өте сапалы. Мұнда жүнді жуатын, жүн сорттайтын, тарайтын, топс жасайтын, көрпе мен киім тігетін қосымша 4 шеберхана жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта серіктестік жіп иіріп, бояйтын және кілем тоқитын цех ашуды жоспарлап отыр.  Бүгінде кәсіпорындағы 5 шеберханада 33 станок орнатылған. Мамандардың біліктілігін арттырып отыруды да естен шығармайды. Бірнеше маман Қытайда және Италияда оқып келді. Бүгінде олар өз тәжірибелерін кәсіпорында қолданып жүр. Алдағы уақытта қазақ киіз үйінің киізін,  түйе жүнінен көрпе, көрпеше, жамылғылар, матрастар, трикотаждан әйелдерге арналған пальто, жемпір, кеудеше, балаларға аяқ киім тігуге кіріспекші. Өте жұмсақ сапалы өнімге сұраныс артып отыр.

1 056 қаралым