Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылуда. Соны бірі, Бәйдібек ауданы Шақпақ елдімекенінде өткен шара. «Ақ жаулықты ана – ақылы дара» деген тақырыппен өткен бұл кездесудегі негізгі қамтылған мәселе, бала тәрибесі мен ондағы ата-ананың атқарар рөлі жайлы болды. Сондай-ақ, бұл шарадада қазақ халқының салт-дәстүрімен бірге қазіргі кездегі жас отбасылардың тұрмысы мен жай-күйі де сөз етілді.
Жаһандану дәуірі деп қанша ұрандатқанымызбен, елімізде соңғы кездері шайқалған шаңырақ пен ажырасқан жұбайлардың, Некесіз сәбилер мен ерте жастағы жүктілікті, мейірімсіздік пен тәрибенің жоқтығын жасыру мүмкін емес. Бұл қоғам болып қарсы тұрып күресетін нәрсе.
Әрине ол үшін бірінші кезекте қыз тәрбиесіне үлкен мән беру қажет. «Қызға қырық үйден тиым» деген. Қыз баланың үйдегі, түздегі жүріс-тұрысы үлкендердің басты назарында болуы тиіс.
Жиынға Шақпақ ауылы әжелер кеңесінің төрайымы Пернекүл Мамырова да қатысты. Пернекүл апай мәдениет саласында ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек еткен жан. Жас буынның мәдениетті де салиқалы болып өсуіне де айтарлықтай үлес қосты. Осыған байланысты «Ұстаз жолы» республикалық қоғамдық қорының президенті Әнуар Тәжібай Пернекүл Мамыроваға еткен еңбегі үшін «Алғыс хат» пен марапаттап, «Мәдениет» медалін табыс етті.