Жарияланды: 12.10.2018

Аналар мен балаларға арналған фелдшерлік акушерлік пункттер салынады

Түркістанда облыстық мәслихаттың 30-кезекті сессиясы өтті. Аталмыш сесияда 14 мәселе талқыланды. Бас қосуда қозғалған мәселелерге байланысты депутаттар бірқатар шешімдер де қабылдады. Атап айтар болсақ, білім саласын дамыту мен елдімекендерде медициналық пункттер салу басшылардың басты назарында болып, оған байланысты шешімдер шығарылды. Соның нәтижесінде, алдағы уақытта аймақтағы өңірлерде 30-ға жуық фелдшерлік акушерлік пункттер мен 200-ге жуық білім ошақтары ашылып, аудан көшелерінде керемет ғимараттар бой көтеретін болды.

Аталмыш сессиядағы күн тәртібінде медицина және білім саласымен қатар, сондай-ақ, кәсіпкерлерді дамыту, оларға қолдау білдіру туралы да мәселелер кеңінен қаралды. Яғни, жоғарыда айтылған медициналық пункттер мен білім ошақтарын кәсіпкерлердің есебінен салу арқылы ұсынысы қаралды. Бұл ұсыныс депутаттар тарапынан бір ауыздан қолдау тапты. Осылайша, алдағы уақытта 30-ға жуық фельдшерлік акушерлік пункттер мен 200-дей білім ошақтарын меценаттар салатын болып шешілді. Қоғамда аналар мен балалардың денсаулығы ең алдыңғы назардағы мәселелер. Сондықтан, ана мен бала денсаулығын нығайту мақсатында осыншама ФАП-тар салынады деп күтілуде.  

Бұл туралы, облыстық мәслихаттың депутаты, сессия төрағасы   Базарбай Мұсабеков те өз сөзінде айтып өтті.

— Медицина саласы бойынша Түркістан облысында 30-ға жуық фелдшерлік-акушерлің бекеттер салуға шешім қабылданды. Кәсіпкерлік мәселесіне келетін болсақ, комбинаттарды іске қосу бойынша да көп мәселелер тәлқыланды, — деді Мұсабеков мырза.

1 023 қаралым