Білім саласына бөлінген қаржы былтырғыдан көп. Жыл сайын білім, медицина саласына айтарлықтай қаржы бөлініп, бұл салалардың дамуына барынша жағдай жасалуда. Халқымыздың денсаулығына қаншалықты көп көңіл бөлу керек болса, жастарымыздың білімді болуы соншалықты маңызды. Болашақ ел басқарып, еліміздің атын шығаратын да осы жастар. Одан қала берсе, жаһандану заманында білім деңгейі де жоғарылап, оның көшіне ілесу үлкен ізденісті, еңбекті, соған сай әрекет жасауды талап етуде.
Осыған байланысты, биылғы жылы облысымызда білім саласына өткен жылмен салыстырғанда 9 млрд. теңге артық бөлініп отыр.
Бұл туралы облыстық мәслихаттың депутаты Зуппархан Чалданов:
— Облыс әкімі Ж. Қансейітұлының аса көп мән беруінің арқасында 2018 жылы былтырғы жылмен салыстырғанда 9 млрд теңге артық бөлініп отыр. Екіншіден біздің облысымызда бірінші болып, мұғалімдерді арнайы тест арқылы қабылдау тәжірибесіне көштік. Яғни, бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу деген сөз, -деді.
Депутаттардың кезекті сессиясында аймақтағы ең өзекті саналған бірқатар мәселлер өз шешімін тауып, алдағы уақытта жүзеге асатын болды.
Жыл сайын білім, медицина саласына айтарлықтай қаржы бөлініп, бұл салалардың дамуына барынша жағдай жасалуда. Халқымыздың денсаулығына қаншалықты көп көңіл бөлу керек болса, жастарымыздың білімді болуы соншалықты маңызды. Болашақ ел басқарып, еліміздің атын шығаратын да осы жастар. Одан қала берсе, жаһандану заманында білім деңгейі де жоғарылап, оның көшіне ілесу үлкен ізденісті, еңбекті, соған сай әрекет жасауды талап етуде.
Осыған байланысты, биылғы жылы облысымызда білім саласына өткен жылмен салыстырғанда 9 млрд. теңге артық бөлініп отыр.
Бұл туралы облыстық мәслихаттың депутаты Зуппархан Чалданов:
— Облыс әкімі Ж. Қансейітұлының аса көп мән беруінің арқасында 2018 жылы былтырғы жылмен салыстырғанда 9 млрд теңге артық бөлініп отыр. Екіншіден біздің облысымызда бірінші болып, мұғалімдерді арнайы тест арқылы қабылдау тәжірибесіне көштік. Яғни, бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу деген сөз, -деді. Депутаттардың кезекті сессиясында аймақтағы ең өзекті саналған бірқатар мәселлер өз шешімін тауып, алдағы уақытта жүзеге асатын болды.