Жарияланды: 12.10.2018

Аналарды қорғау мен қолдау әрбір адам парызы

Аналарды қорғау мен қолдау әрбір адам парызы. Әсіресе, жүкті әйелдердің жағдайы барынша жасалуы тиіс. Осыған байланысты, Түркістандағы №3 облыстық перинаталды орталық бұдан былай 300  науқасты қабылдайтын болады. Осыған дейін 150 әйелге медициналық қызмет көрсетіп келген орталықтың екі есе ұлғаюы үшін қазіргі таңда барлық жағдайлар жасалуда. Аталмыш мекемеге қосымша жабдықтар жеткізілді. Қазіргі таңда өз қаралушыларына орталық қызметкерлері соңғы үлгідегі технологиялармен қызмет көрсетуде.

Осыған байланысты бас дәрігердің орынбасары Дамира Ибраева:

— Біздің мекемеде көбіне жағдайы төмен, яғни денсаулығы нашар аналар емделеді. Мәселен, жатырды алып тастау операциясы, жатыр сыртында орналасқан жүктілік, аналық бездегі ауруларды жою сияқты көптеген лапароскопиялық операцияларды емделушілерімізге жасай аламыз. Бұған қажетті құрал-жабдықтарымыздың барлығы дайын, -деп найқастарын емделуге шақырды.

Соңғы үлгідегі технологиялармен жұмыс істеуге көшкен орталықта енді бәрі электронды жүйемен қызмет көрсететін болады. Электронды тәртіпке бағынған емделушілердің өзі үшін де тиімді.

Негізінен жағдайы ауыр аналарды қабылдайтын мекеменің жұмысы ілгері жылжығаны істерінен-ақ байқалады. Былтырғы жылмен салыстырғанда сәбиі өлімі 2 есеге азайған. Енді осы қалыптан таймай, ана мен бала өлімін болдырмауға барынша күш жұмсау қажет. Мұндағы дәрігерлердің де басты көздегені осы.

 

1 072 қаралым