Жарияланды: 12.10.2018

Жас аналарға қамқорлық жасалды

Отан – отбасынан басталады. Елбасы жарлығымен бекітілген Отбасы күні мерекесіне орай бәйдібектік жастар игілікті іске мұрындық болды. «Жастар ресурстық орталығының» әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының мамандары аудандық орталық ауруханаға барып, ондағы жаңадан босанған аналарға сый-сияпат жасады.

Шара барысында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Асыл Абжалов мереке қарсаңында босанған жас аналарға ізгі тілегін жеткізіп, арнайы сый-сияпатын тапсырды.

Игі бастамаға аудандағы атымтай жомарт жандар демеушілік жасады. Жас аналардың қуанышымен бөліскен аудан Бағлан Бейімбетов, Нұржан Рүстемов және Ұлан Айтымбетов сынды бір топ кәсіпкерлер мұндай игі іске қашан да қолдау жасауға әзір.

Асыл Абжалов – Бәйдібек аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры

Мерекелік шарада аудандық орталық аурухананың ұжымы ақжарма тілектерін ақтарды. Ал, дүниеге сәби әкеліп, елдің демографиялық өсіміне үлес қосқан алтын құрсақтылардың қуанышында шек жоқ.

Дина Ағыбава – Бәйдібек ауданының тұрғыны

Жалпы жыл басынан бері ауданда 763 бала өмірге келген.  Тағы 640 келіншек босану үшін есепте тұр. Ана мен бала денсаулығын қорғауды басты назарға алған аудан ақ халаттыларының бұл бағыттағы жұмысы жүйелі.  (shymkenttv.kz)

1 130 қаралым