«Отбасылы — бақытты жандар». Отбасы күні мерекесі Қазығұрт ауданында кең көлемінде аталып өтті. Мақсат – жанұя құндылықтарын халық санасына сіңіріп, елдің демографиялық дамуына үлес қосу. Шара аясында аудан жастары да қарап қалмады. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» дүние есігін ашқан сәбилердің аналарын құттықтап, қуанышқа бөледі. Отан — отбасынан басталады. Отбасы күні — Елбасы Жарлығымен бекітілген еліміздегі мерейлі мерекенің бірі. Айтулы датаны атап өту бірнеше жылдан бері дәстүрге айналды. Ата Заңымызда да мемлекеттің басты қазынасы — адам мен оның өмірі деп атап көрсеткен.
Аймұхамбет Байтұрсынов – Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» басшысының міндетін атқарушы:
Перзент сүю бақытына ие болып, шат-шадыман шаттыққа бөленгендердің бірі — Әсем Орынбек. Жас ана тұңғыш сәбиін аман-есен бауырына басқанына тәубе етеді. Әуелі Алла, одан кейін перзентхана дәрігерлеріне разы. Ал, өздерін құттықтай келген ерікті топты көрген аналар қуаныштан бал-бұл жанды.
Әсем Орынбек – Қазығұрт ауданының тұрғыны
Ал, Шанақ ауылының тұрғыны Шолпан Сейдалиева болса, бесінші баласын дүниеге әкелді. Көпбалалы келіншек елде демографиялық саясаттың оң бағытта өрбіп жатқанын айтады. Өйткені, біздің елде ұлт саулығы оның ішінде ана мен бала денсаулығына жіті мән беріліп келеді.
Шолпан Сейдалиева – көпбалалы ана
Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы. Алтын бесігі ғана емес, тұтас мемлекеті деуге болады. Сондықтан, жанұяның әрбір мүшесінің қоғамда өз орны бар. (shymkenttv.kz)