Ақ жолтай жаңалық! Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны Ұлжалғас Бақтыбаева үшемді дүниеге әкелді. Айберік, Байсерік және Гүлсім есімді сәбилерді облыстық №1 перинаталды орталықтың дәрігерлерінің көмегімен босанған. Мерзімінен бұрын босанған келіншектің бұдан бөлек тағы бес баласы бар. Сәбилердің салмағы — 2,5 келідей. Қазіргі таңда, шақалақтардың да, олардың аналарының да жағдайы бірқалыпты. Уақытынан ерте босанған әйел дәрігерлер бір аптай бойы бақылауында болды. Денсаулығы тұрақты болғандықтан үйіне жіберген. Дәрігерлердің жіті қадағалауында болмақ.
Қазақ еліне бірден екі батыр мен бір аруды қосқан батыр ананың жасы небәрі отыз екіде. Қазіргі таңда, Сарыағаш ауданына қарасты Үшқын ауылында балабақша тәрбиешісінің көмекшісі қызметін атқарып жүр. Қуаныш иелері отбасымен бірге ақ халатты абзал жандарға ризашылықтары мен алғыстарын білдіруде. Демографиялық жағынан көш бастап тұрған Түркістан облысында соңғы уақыттары үшемдер жиі туылатын болды. Бұл еліміз үшін мақтаныш екені анық.